Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Егіндібұлақ ауылының мектеп спортзалында аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл толуына орай ауылдың интернационалдық отбасылар арасында спорттық шара өткізілді. шараға Масловтар мен Калмановтар отбасы қатысты. Шара бастамасында округ әкімі Р.Искендиров сөз сөйлеп, отбасыларға сәттілік тіледі. Спорт нұсқаушысы М.Кенжегалиев жарыстың ережесімен таныстырды. Осы шараға демеушілік білдіріп сыйлықтар алған “Сундеткалиев А.С.” шаруа қожалығының басшысы Сундеткалиев Айбар. Жарыс өте достықта, отбасылар бір-біріне тіреу көрсетіп жақсы деңгейде өтті. Спорттық шара соңында отбасыларға аналар кеңесінің атынан Алғыс хат және демеуші атынан сыйлықтар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek-egindibulak/press/news/details/1002731?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді