
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
Агенттіктің өкілі Мале қаласында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және туризмдегі парасаттылықты күшейту мәселелері жөніндегі Сауд-Мальдив халықаралық форумына қатысты.
Іс-шара Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) мүше 40-тан астам мемлекеттің өкілдерін біріктірді. Форумға Қатар, Иордания, Палестина, Таяу және Қиыр Шығыс елдерінің, сондай-ақ Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстанды қоса алғанда, ТМД-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және туристік органдарының өкілдері қатысты.
Негізгі қатысушылардың қатарына ИЫҰ Бас хатшысы Хусейн Ибрахим Таха, Сауд Арабиясы Корольдігінің сыбайлас жемқорлықты қадағалау және оған қарсы күрес басқармасының (NAZAHA) басшысы Мазин бин Ибрахим әл-Кахмус, Мальдив Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының президенті Уз. Адам Шамиль және басқа халықаралық сарапшылар кірді.
Форумға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қазақстандық тәжірибе ұсынылды, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тапсырмалары аясында елімізде туризмді дамыту туралы бейнеролик таныстырылды.
Бейнеролик Қазақстанға келешегі зор туристік бағыт және халықаралық ынтымақтастық саласындағы серіктес ретінде қызығушылықты арттырды. Бірқатар шетелдік делегациялар екіжақты байланыс орнатуға, сондай-ақ Қазақстанға сапарларды ұйымдастыруға қызығушылық білдірді.
Форум Туризмдегі парасаттылықты арттыруға (Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ынтымақтастықты дамыту, ашықтық үшін цифрлық шешімдерді енгізу, туризм саласындағы мемлекеттік сатып алулар мен МЖӘ тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды бақылауға азаматтық қатысуды кеңейту) бағытталған ұсынымдар пакетін қабылдаумен аяқталды.
Форумға қатысу Қазақстанды халықаралық аренада лайықты таныстыруға, әріптестік байланыстарды нығайтуға және елдің жаһандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы диалогтың белсенді қатысушысы ретіндегі мәртебесін растауға мүмкіндік берді.
ТЕЛЕАРНАЛАР ҮШІН ВИДЕО: https://disk.yandex.kz/d/kPOOZ8Ml4dF1kg
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/press/news/details/1002761?lang=kk
Жауап қалдыру