Қызылорда өңірінде «Өрт-2025» РКШОЖ практикалық кезеңі ұйымдастырылды      

Жарияланды:

Автор:

категорияда

        Өңірде «Өрт-2025» РКШОЖ өткізілуіне сәйкес Қызылорда қаласындағы  «Эдельвейс» саяжайының маңында «Төтенше жағдайларды жою штабы» жасақталды.

         Штаб отырысы кезінде Қызылорда облысы әкімінің аппаратының басшысы Әділхан Мұхамедияровқа және Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Руслан Қайрақбаевқа азаматтық қорғау жүйелерінің қызметтерінің өкілдері оқу-жаттығудың практикалық кезеңіне қатысуға дайын екендіктерін баяндады.

         Осыған орай оқу-жаттығудың практикалық кезеңі басталды.

         Қызылорда қаласынан 7 шақырым қашықтықта, «Шіркейлі» каналының оң жақ жағалауында белгісіз азаматтың ашық отты пайдалану барысында тоғай алқаптарында өрт шығып, жақын орналасқан шаруа қожалықтарына, тұрғын үйлерге қауіп төнді. Өртті жақын орналасқан жеке шаруа қожалықтарының тұрғындары көріп, ол туралы «112» телефон нөміріне хабарлады. Оқиға орнына Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінен  2 АЦ автокөлігі, 1 ХТЗ-80 тракторымен 10 адам келіп, жағдайды нақтылады. Өрттің ауданы шамамен 2000 шаршы метр болуына орай, желдің күшеюіне байланысты Орталықтан көмек сұрады. Өрт аумағында шаруашылық қожалықтарының жалдамалы екі малшысы жоғалып кеткендігі жөнінде хабарлады. 

         Сонан соң жауынгерлік қанат жаю ұйымдастырылып, өрт сөндірушілер өрт ошағын 2 «Б» оқпанымен сөндіруге кірісті. 6 қызметкер соққыштармен (хлопушкалармен) өрт сөндіру жұмысын атқарды. Өрттің одан әрі таралуын болдырмау үшін трактордың соқасымен жерді жыртып, өртке қарсы минералды жолақтар жасады.

         Өзара іс-қимыл алгоритмдеріне сәйкес арнайы және шұғыл қызметтер оқиға орнына жолданды. Мемлекеттік өртке қарсы қызметінен 12 техникасымен 80 қызметкері,  Ақсуат ауылдық округі әкімшілігіне қарасты Ерікті өртке қарсы құрылымынан 1 техникасымен 15 адамы өрт сөндіру жұмысына жұмылдырылды. 

         Апаттар медицинасы орталығының филиалының және жедел жәрдем қызметінің көлігімен 2 зардап шегуші қауіпсіз аймаққа тасымалданып, «Қазәуеқұтқару» мекемесінің тікұшағы арқылы ауруханаға жедел жеткізілді.

         Командалық-штабтық машинаның экипажына интернет байланысы орнатылып,  Төтенше жағдайлар министрлігімен және Қызылорда облысы ТЖД-мен аудио-видеобайланыс орнатылып, ақпарат алмасу жұмысы ұйымдастырылды.

         Оқу-жаттығуға Жедел құтқару жасағының 4  құтқарушысы, 1 психологі, 2 кинологиялық есебі, 1 технкиасы қатыстырылды. Олар малшыны іздестіру жұмысын тыңғылықты атқарыды, нәтижесінде адасқан малшыны тапты. Апаттар медицинасы орталығының филиалының  қызметкерлері өрт сөндіру штабының жанына орналасқан медпункт ішінде зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетті.

         Сонымен бірге азаматтық қорғау қызметтерінің (Қызылорда облысының Полиция департаменті, Ұлттық Ұлан №5547 әскери бөлімі, «Қызылорда тазалығы» КМК, Медициналық қызмет, Көлік қызметі, Энергетика қызметі, Жолдар мен көпірлер қызметі, Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі, Инженерлік қызмет, Химиялық, радиациялық қорғау қызметі, Сауда қызметі, Гидрометеорологиялық қызметі, Байланыс қызметі, Ақпарат қызметі, тб)  күш-құралдары да  ТЖ аймағына келіп, әрқайсысы өз міндеттерін атқарды.

         Осылайша шартты өрт дер кезінде сөндірілді.

         Жалпы оқу-жаттығу барысына 48 бірлік техника, 1 бірлік тікұшақ, 170 адам, 2 кинологиялық есеп жұмылдырылды.

         Оқу-жаттығуға БАҚ өкілдері де қатыстырылды, аталмыш оқу-жаттығудың өткізілуі жөнінде Қызылорда облысы ТЖД бастығы Руслан Қайрақбаев жергілікті телеарналардың тілшілеріне сұқбат берді.

Қызылорда облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/1003290?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді