Қызылорда қаласындағы Серғали Толыбеков атындағы №3 мектеп-лицейі үшінші рет «Үздік 100 мектеп» қатарына енді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
✅Қызылорда қаласындағы Серғали Толыбеков атындағы №3 мектеп-лицейі, «Үздік мектеп – 2010», «Үздік мектеп – 2011» иегері, биылғы жылы да үздік болып танылып, республика көлемінде «Үздік 100 мектеп» қатарына енді.
 
✅Мектеп мұғалімдерінің жоғары кәсіби әлеуеті мен ерен еңбегі «Үздік педагог» байқауындағы жетістіктерімен дәлелденіп келеді. Мектеп-лицейдің педагогтері Есмамбетова Қазына, Тәжітаева Салтанат, Пірмаганбетова Әсел, Сарыбаева Гүлжаухар «Үздік педагог» мәртебесін 5 жыл қатарынан иеленіп келеді.
 
✅Биылғы жылы мектеп-лицейді 162 түлек жоғары жетістіктермен бітіріп шықты. 5-11 сынып оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиаданың бірінші кезеңінде 47 оқушысы, екінші кезеңде 10 оқушысы жүлделі орындар иеленген.
 
✅9-11 сынып оқушылары арасында өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде 12 жоба жүлделі орындарға ие болған.
 
✅Ақтөбе каласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңінде 10 сынып оқушылары Файзуллин Арман мен Ділдабек Ердаулет жүлделі үшінші орынмен марапатталған.
 
✅11 сынып оқушысы Серемет Жанель Жолдасбеков атындағы 11 сыныптарға арналған математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсында екінші орын жеңімпазы атанған.
 
✅Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың арнайы құттықтауын Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшысы Айгүл Мырзағалиева білім беру ұйымына табыстап, ұжымға еңбектерінің еселеніп, жаңа бастамаларының табысты болуын тіледі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-orda/press/news/details/1003105?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді