Сегізінші шақырылымның Ерейментау аудандық мәслихаты депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес 2025 жылғы 27 мамырында сағат 10:00-де сегізінші шақырылымның Ерейментау аудандық мәслихатының кезектен тыс 40-шы сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.

Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі:

  1. Сегізінші шақырылымның Ерейментау аудандық мәслихатының кезектен тыс қырықыншы сессиясының күн тәртібін бекіту туралы.
  2. Ерейментау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №8С-34/2-24 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
  3. «Ерейментау ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Ерейментау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №8С-14/3-23 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Ерейментау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №8С-34/3-24 «Ерейментау ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  5. Ерейментау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 қаңтардағы №8С-15/3-24 «Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
  6. «Ерейментау ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Ерейментау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 4 қарашасындағы №4С-41/5-11 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
  7. «Ерейментау ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Ерейментау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы №7С-4/6-21 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  8. Ерейментау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы №5С-46/11-16 «Ерейментау ауданы әкімдігінің жанындағы құқықтық тәртіп және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

 

Онлайн трансляциясы:

https://www.facebook.com/profile.php?id=100062570830999&mibextid=ZbWKwL

 

Ерейментау аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                М. Әбжіков

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-ereymentau/press/news/details/1003050?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді