«Үздік 100 мектеп»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен Жамбыл облысының білім беру мекемелеріне Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министірі Ғани Бейсембаевтың 2024-2025 оқу жылының аяқтауы құттықтауын және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт” атты жалпыұлттық құндылықтарға негізделген бағдарламасының негізінде білім беру ұйымдарында білім берудің бірыңғай экожүйесін құру мақсатында министрлік тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылып келетінін жеткізді.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министірі Ғани Бейсембаевтың тапсырмасына сәйкес білім көрсеткіші, тәрбие, қауіпсіздік, «Мұғалім – оқушы – ата-ана» үштіктің бала тәрбиесіндегі маңыздылығын және де басқа да көрсеткіштерге сүйене отырып Жамбыл облысынан 5 мектеп Республикалық  «Үздік 100 мектептің» тізіміне енгізілді. Олар:

– ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ШЕРХАН МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ;

– ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №24 ГИМНАЗИЯСЫ;

– ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ АТЫНДАҒЫ №1 ГИМНАЗИЯСЫ;

– ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №1 ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ;

– ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ И.ПАНФИЛОВ АТЫНДАҒЫ №39 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ.

Департамент басшысы М.А.Нысанбаев және Бөлім басшысы К.Копбаев марапатталушы білім мекемелеріне құттықтауын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zhambyl/press/news/details/1003286?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді