
«Үздік мектеп – 2025» анықталды!
Ұлытау облысының білім басқармасының Сәтбаев қаласының «С.Сейфуллин атындағы гимназиясы», «Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы», Ұлытау облысы білім басқармасы Жезқазған қаласы білім бөлімінің «№26 гимназиясы» жыл қорытындысы бойынша үздік қатарынан көріне білді.
Оқу-ағарту Министрі Ғани Бейсембаев «Үздік 100 мектеп» қатарына ену құрметімен құттықтап, бұл –білім беру ұйымдарының мазмұнды да нәтижелі еңбегінің, ұстаздардың жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі кәсіби шеберлігінің, білім беру процесіне жаңашыл идеялар мен заманауи әдістерді табысты енгізудің, оқушылардың жоғары жетістіктерінің, ата-аналардың сенімі мен қолдауының айқын көрінісі екендігін атап өтті. Мемлекет басшысы ұсынған «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» идеялогиясымен астасып жатқан «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізінде мемлекетіміздің лайықты азаматын қалыптастыру міндетіне әркез адалдық танытып, оқу-ағарту саласының дамуына қосқан өлшеусіз еңбектері үшін зор алғысын білдіреді.
Талапты да дарынды шәкірттерді тәрбиелеп, қоғамның, уақыттың алдымызға қойған міндеттеріне сәйкес табысты жұмыс атқаратынына сенімін білдірді. Барлық білім беру ұйымдарын биылғы оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтай отырып, зор денсаулық, еңбекте табыс, жаңа бастамаларына сәттілік тіледі.
Осындай марапатқа ие болып отырған білім беру ұйымдарын шын жүректен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-ulytau/press/news/details/1003030?lang=kk
Жауап қалдыру