ЖАЛПЫ БІЛІМ ПӘНДЕРІ ОЛИМПИАДАСЫНДА ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРМЕН ОРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 18-21 мамыр аралығында Астана қаласында “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен 533 дарынды оқушы қатысқан байқауда Шымкент қаласынан 24 оқушы білім бәйгесіне түсті.

Білім бәйгесінде шымкенттік жас зияткерлер 14 медаль иеленіп, қала мерейін үстем етті. І орынға №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының оқушысы Сымбат Сапарбек ие болды. ІІ орынды «OKS-Education» Seitzhan School» ЖШС-нен Ақмаржан Әлі, «Білім-инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернатының оқушысы Олжас Ермахан, Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясынан Амели Бажибаева иеленді. ІІІ орын жүлдегерлері қатарында – «Білім-инновация» лицейінен Бақдәулет Қалмырза, Ерасыл Туретай, Титов мектебінен Елизавета Петина, №110 мектептен Нозила Сапарова, №52 мектеп-лицейінен Севгина Рысалиева, №8 гимназиядан Еркежан Керімхан мен Динмухамед Зеилбеков, Seitzhan School-дан Айша Әлібек, IT лицей-интернатынан Иманғали Усентайұлы мен Меруерт Амангелді бар. Сонымен қатар, №43 жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы Лиона Заббарова грамотамен марапатталды.

Барлық жеңімпаздарды, оларды даярлаған ұстаздарды және қолдау білдірген ата-аналарды шын жүректен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/1002789?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді