Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ЗАУЫТТАР МЕН КӘСІПОРЫНДАР САЛЫНЫП ЖАТЫР
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен Инвестициялық штабтың кезекті мәжілісі өтті. Оған инвесторлар, аудан, қала әкімдері, басқарма басшылары, кәсіпкерлік пен инвестицияға қатысты мекеме жетекшілері қатысты. Күн тәртібінде облыста жаңадан іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың қазіргі жағдайы және өзекті мәселелері баяндалды. Облыс әкімі жауаптыларға жұмысты жеделдетуді, өндіріс орындарын көбейтуді, жобаларды сүйемелдеуді тапсырды.
📌– Бүгінгі инвестициялық штаб отырысында маңызды мәселелер қаралуда. Біз әрбір жобаның іске асырылу барысын мұқият қадағалап, туындайтын мәселелерді шешуге қолдау көрсетеміз. Аудан, қала әкімдері мен басқарма басшылары ұйымдастыру, үйлестіру, инфрақұрылым мәселелерін жедел шешулері керек. Мақсатымыз – өндіріс орындарын ашу, отандық өнім көлемін ұлғайту, – деді Нұралхан Көшеров.
✔️Мәжілісте инвесторлар мен кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмай отырған басшыларға тиісті сын-ескертпе айтылып, жұмысты ширату тапсырылды.
✔️Талқыланған жобалардың бірқатарына тоқталсақ, Сауран ауданында «Xingtai Tiancheng Textile Co., Ltd.» компаниясы мақта өсіру, жіп иіру және тоқыма өндіретін зауытын салу инвестициялық жобасын жүзеге асыруда. 120 адам жұмыспен қамтылады. Ал Ордабасы ауданында майлы және желатинді компоненттерді алу үшін ірі қара мал сүйектерін қайта өңдеу зауыты салынады. Түркістан қаласында «JASYL SUYQ QAZAQSTAN» ЖШС-нің салқындатқыш жабдықтар шығаратын зауытының екінші кезеңінің құрылысы жалғасуда. Сонымен бірге еденге арналған жабын материалдарын шығару зауытының құрылысы, бір реттік ыдыс шығаратын зауыттың құрылысы, кептірілген жемістерді өндіретін зауыт пен өзге де жобалардың жай-күйі қаралды.
✔️Айта кетейік, Түркістан облысына жыл басынан бері 196,5 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе жоғары. Облыс экономикасының дамуына тың серпін беретін және 2025-2028 жылдары жүзеге асырылатын 110 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды. Биыл 322 млрд. теңгеге 57 инвестициялық жобаны іске қосып, 6908 жұмыс орнын құру жоспарланған. Индустриалды аймақтар мен шағын өндірістік парк те кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге дайын.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
___________
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ СТРОЯТ НОВЫЕ ЗАВОДЫ И ПРЕДПРИЯТИЯ
✔️Под председательством акима Туркестанской области Нуралхана Кушерова состоялось очередное заседание инвестиционного штаба. В нем приняли участие инвесторы, акимы районов и городов, руководители управлений и учреждений, занимающихся развитием предпринимательства и привлечением инвестиций. На встрече говорили о реализуемых в регионе инвестиционных проектах. Аким области поручил ответственным лицам усилить работу по увеличению производств и сопровождению проектов.
📌 – Мы внимательно следим за ходом реализации каждого проекта и оказываем поддержку в решении возникающих проблем. Акимам районов и городов и руководителям управлений необходимо оперативно решать вопросы организации, координации, инфраструктуры. Наша цель – создание производств и увеличение объемов отечественной продукции, – сказал Нуралхан Кушеров.
✔️На заседании были заслушаны предложения инвесторов и предпринимателей. А в адрес руководителей, которые не умеют рационально организовывать работу, прозвучала соответствующая критика и поручение активизировать работу.
✔️В Сауранском районе компания Xingtai Tiancheng Textile Co., Ltd. реализует инвестиционный проект по строительству завода по производству хлопка, прядения и текстиля. Трудоустроены 120 человек. В Ордабасинском районе построят завод по переработке костей крупного рогатого скота для получения жирных и желатиновых компонентов. В городе Туркестане продолжается строительство второго этапа завода по производству охлаждающего оборудования ТОО “JASYL SUYQ QAZAQSTAN”. Также были рассмотрены вопросы строительства заводов по производству напольных покрытий, одноразовой посуды, сухофруктов и другие проекты.
✔️Отметим, в Туркестанскую область с начала года привлечено 196,5 млрд тенге инвестиций. Это в 1,5 раза выше, чем за аналогичный период прошлого года. Сформирован пул из 110 инвестиционных проектов с реализацией в 2025-2028 годах, которые придадут новый импульс развитию экономики области. В этом году планируется запустить 57 инвестиционных проектов стоимостью 322 млрд тенге и с созданием 6908 рабочих мест. Инвесторов ждут промышленные зоны и малые промышленные парки.
Пресс-служба акима Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1002849?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді