
🎓23-мамыр соңғы қоңырау мерекесі.
Құрметті мектеп бітіруші түлектер! Қадірлі ұстаздар және ата-аналар!
🔔Баршаңызды бүгінгі соңғы қоңырау мерекесі күнімен құттықтаймын!!!
Әр уақытта мектеп өмірі ұстаз үшін де, шәкірт үшін де аса қадірлі көрінеді, соның ішінде ұстаздың да, шәкірттің де көңілін босатып, толқынысқа түсіріп, көңіл құсын аспанға шарықтатар соңғы қоңырау салтанатының орны ерекше.
Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты кезең.
“Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімі” ММ-не қарасты білім беру ұйымдарынан 9-сынып бойынша-359, 11-сынып бойынша-177 оқушы мектеп бітіреді. Соның ішінде 9-сынып бойынша “Үздік аттестат” иегер саны -53. 11-сынып бойынша “Алтын белгі” үміткерлер саны-16. “Үздік аттестат” иегер саны -14 оқушы атанады. Келер жылға 1 сыныпқа жалпы саны 453 оқушы қабылданады. Бүгінгі күні 314 ата-анадан өтініш келіп түсті.
Құрметті түлектер! Барлықтарыңызға Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңа тілектеспін.
Алдарыңыздан ашылған әрбір жол-жарқын болсын!
Қадірлі ұстаздар және ата-аналар қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, сіздерге алғысымды білдіремін.
Өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толағай табыс тілеймін.
Ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.
Қадамдарыңыз құтты болсын, Жас түлек!
Құрметпен “Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімі” ММ басшысы С.Дауытбаева
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-roo/press/news/details/1002607?lang=kk
Жауап қалдыру