🤖 «My robot» облыстық байқауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

21 мамыр күні Оқушылар сарайы базасында БҚО білім басқармасының Білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының ұйымдастыруымен 10-18 жас аралығындағы оқушылар арасында «My robot» облыстық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – оқушылардың робот техникасына қызығушылығын арттыру, ұлттық ойын элементтері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту және талантты жастарды қолдау.

🧠 Сайыс 4 номинация бойынша өтті:
– «Арқан тартыс» (10-13 жас)
– «Теңге алу» (10-13 жас)
– «Инновациялық роботтар» (14-18 жас)
– «Көкпар» (14-18 жас)

Байқауға облысымыздың әр аудан-қалаларынан келген 36 команда, барлығы 65 оқушы қатысты.

Балалардың ұлттық құндылықтар мен заманауи технологияларды үйлестіре отырып жарысқа қатысуы — болашақтың жаңа форматтағы жаңашыл ұрпағы қалыптасып келе жатқанын айқын көрсетеді.

🎉 Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз, жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1002128?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді