Алматы облысында өрт сөндіру депосының құрылысы тексерілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кеген ауданының Кеген ауылында 2 өрт сөндіру көлігіне арналған өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізілуде.

Алматы облысын дамыту жоспарын іске асыру аясында жүргізіліп жатқан бұл құрылыс жұмыстарының тапсырыс берушісі – Алматы облысының құрылыс басқармасы мемлекеттік мекемесі.

Құрылыс жұмыстарының барысын Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының уақытша міндетін атқарушы, подполковнигі Оразбеков Даурен Даулетқанұлы барып тексерді.

Сапар барысында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Даулет Серпін» ЖШС мердігер ұйымының қызметкерлеріне нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

Алматы облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/1002694?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді