
🔹Кездесу барысында Асқар Қазыбаев Ойыл ауданының әлеуметтік-экономикалық саладағы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға жеке-жеке тоқталып, ауданның және ауылдық округтердің әр саладағы өсім деңгейімен таныстырып өтті.
🔹Аудан әкімінің әлеуметтік-экономикалық саладағы атқарылған және алдағы жоспарларын тыңдаған ауыл тұрғындары жергілікті жердегі бірқатар өзекті сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
Жол мәселесі, қысқы мал азығын даярлау, газ мәселесі, сынды бірқатар мәселелер қойылып, жеке шаруа қожалықтарының ауылдық округтің жайылымдық жерлерін тарылуына себеп болуы, бойынша тұрғындардан өтініштер келіп түсті.
🔹Аудан басшысы Асқар Қазыбаев ауыл тұрғындарының өтініш-тілектері мен маңызды сұрақтары боиынша арнайы іс-шаралар жоспарын құрып, қолданыстағы заң талаптары мен қаржылық мүмкіндіктерге баиланысты жұмыстар жүргізілетінін айтып, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1002154?lang=kk
Жауап қалдыру