Аудан әкімі Дарын Сабырғалиұлының «Соңғы қоңырау» мерекесімен құттықтауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті оқушылар мен түлектер! Құрметті мұғалімдер мен ата-аналар!

Баршаңызды бүгінгі соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін білім нәрімен сусындап мектеп табалдырығынан үлкен өмірге қадам басқалы тұрған барша мектеп бітіруші түлектерді  құттықтаймын!

Қазіргі таңда елімізде жас ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне айрықша назар аударылып, сіздердің сапалы да заманауи білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша жағдай жасалуда. Түлектерді ҰБТ тапсыру емтихандары күтіп тұр, ал одан кейін маңызды  оқиғаларға, үлкен мүмкіндіктерге және жауапты шешімдерге толы жаңа өмір басталады.

Алынған білім сізге алғашқы сынақтардан сәтті өтуге, кәсіби таңдауыңызда қателеспеуге, содан кейін еңбек қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенімдімін.

Құрметті оқушылар! Өздеріңізге және өз күштеріңізге сеніңіздер! Сіздердің энергияларыңыз, таланттарыңыз, жастық шақтарыңыз, өршілдіктеріңіз алға қойған мақсаттарыңызға жетуге және лайықты болашақ құруға көмектессін!

Бүгін сіздерді осы жылдар бойы сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен қоршап, баға жетпес білім мен тәжірибеге жеткізіп, жаңа жетістіктерге қолдау көрсетіп, шабыттандырған мұғалімдер мен ата-аналарға ерекше алғыс білдіремін. Оқушылардың алғысы мен жетістіктері сіздердің  даналықтарыңыз, шыдамдылықтарыңыз, зейіндеріңіз, жанқиярлықтарыңыз және  жылулықтарыңыз үшін лайықты марапатқа айналсын!

Осы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, бейбітшілік, өркендеу, амандық және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін! Көптен күткен жазғы демалыс барлығын жылулықпен қуантып, көптеген жаңа әсерлер, сапарлар мен кездесулер сыйласын.

Құрметті түлектер!

Егемен еліміздің айбынын асқақтатар, үкілі үмітін ақтар жалынды жастардың қатары көбейе берсін. Барша жас түлектерді еліміздің білікті де білімді маманы атануларыңызға тілектеспін. Әрқашанда денсаулықтарыңыз мықты, келешектеріңіз кемел, болашақтарыңыз нұрлы болсын!

 

Ізгі тілекпен, Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1002642?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді