
Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев жұмыс сапарымен Әлімбет және Кемпірсай ауылдық округтерінде болды. Іссапар барысында ауыл шаруашылығы саласындағы көктемгі жұмыстардың барысы мен жазғы егінге дайындық деңгейі талқыланды.
Аудан басшысы жергілікті шаруалармен кездесіп, егін науқанына әзірлік, техника мен тұқым қоры, суармалы жерлердің жай-күйі және агротехникалық іс-шаралардың орындалуы жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/press/news/details/1002561?lang=kk
Жауап қалдыру