Бейнеу аудандық мәдениет үйі республикалық фестивальде үздік атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бейнеу аудандық мәдениет үйі «Рухани қазына – 2025» республикалық фестивалінде «Үздік аудандық мәдениет үйі» номинациясын иеленді.

Биыл 8-рет ұйымдастырылып отырған фестивальге 168 өтінім келіп түскен. Олардың қатарында 32 музей, 86 кітапхана және 50 мәдени-демалыс орталығы бар. Әр сала бойынша аудан, қала, облыстар арасында мықтылар анықталып, 19 аталым бойынша үздіктер марапатталды.

Бейнеу аудандық мәдениет үйі ұжымның бұл жеңісі – тек аудан емес, тұтас өңірдің ортақ қуанышы. Себебі, мекеме сахна мен көрерменнің арасында алтын көпір рөлін сомдап келеді. Сахналық қойылымдар мен ұйымдастырылған іс-шаралар сансыз көрерменнің жүрегіне жол тауып келеді. Халықпен етене араласып, әрбір мәдени бастамаға жан бітірген ұжым, ұлт өнерін жаңғырту мен насихаттау жолында табанды еңбек етуде.516:05

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1002104?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді