Көкжөтел мен қызылшаның алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін «HALYK RADIOSҮ» облыстық радиосының 100.5 fm толқынында Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев «Көкжөтел мен қызылшаның алдын алу» атты тақырыпта  сөз сөйледі.

Осылайша, биылғы жылы қызылшамен ауырған 94 жағдай тіркеліп, 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 12,3-ті құрады. 2024 жылдың сәйкес кезеңінде 1398 тіркелді, 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 85,08 құрады.

Жасы бойынша аурушаңдық деңгейі 14 жасқа дейінгі балалар арасында 84% құрайды, оның ішінде 81% 4 жасқа дейінгі балалар, жұқтырғандардың 2% жасөспірімдер және 14% ересектер.

Ауру жұқтырғандардың 86%-ы қызылшаға қарсы екпе алмаған, оның 50%-ы иммундаудан бас тартуға байланысты.

Көкжөтел жағдайлары бойынша жағдай тұрақсыз болып қала береді. 2025 жылдың 4 айында 37 жағдай тіркеліп, 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш 4,85-ті құрады. 2024 жылдың сәйкес кезеңінде 57 жағдай тіркеліп, 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 7,55 құрады.

Көкжөтел ауруы 9 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді, 86% 4 жасқа дейінгі балалар.

Ауру жұқтырғандардың 95%-ы көкжөтелге қарсы екпе алмаған, оның 77%-ы иммундаудан бас тартуға байланысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1002281?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді