Қайталама қылмыстың алдын алуға бағытталған «Рецидивтің алдын алу» жобасы аясында Сандықтау ауданы әкімдігінде аудан прокуратурасының үйлестіруімен жұмыс кеңесі өтті.
Кеңестің негізгі тақырыбы – пробация қызметінде есепте тұрған және бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды қайта әлеуметтендіру мәселесі болды. Кеңеске пробация қызметінің, жергілікті полиция қызметі бөлімінің және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
Пробация қызметі мен өзге де құрылымдардың сотталғандарды қоғамға бейімдеудегі маңызы;
әлеуметтік-құқықтық және медициналық көмек көрсету;
жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;
білім беру ұйымдарының қылмыстық жауапкершіліктен босатылған азаматтардың отбасыларымен жұмыс істеуі.
Кеңес қорытындысы бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізілді:
— пробация қызметінде есепте тұрған 2 аудан тұрғыны бизнес қауымдастығының қолдауымен мамандық бойынша жұмысқа орналастырылды;
— 1 тұрғынға мүгедектік рәсімдеу мақсатында тегін медициналық тексерістен өту үшін қажетті құжаттарды жинауға көмек көрсетілді.
Мұндай іс-шаралар әлеуметтік тұрақтылықты нығайтып, қайталама қылмыстың алдын алуға оң әсер етіп, азаматтардың қоғамға қайта оралуына нақты мүмкіндік береді.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1002342?lang=kk
Жауап қалдыру