Рухани қазына – 2025»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

21 мамыр мәдениет және өнер қызметкерлері күні Астана қаласында мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлеріне арналған «Рухани қазына – 2025» республикалық фестивалі қорытындыланды. Байқау үш бағыт бойынша ұйымдастырылды. Атап айтсақ, мемлекеттік музейлер, кітапханалар және мәдени-демалыс ұйымдары арасында өтті. Оған қатысу үшін 86 кітапхана, 50 мәдени-демалыс ұйымы және 32 мұражай өтінім тапсырған. Байқау материалдарын үш күн бойы білікті қазылар алқасы сараптады. Қорытынды отырыс нәтижесінде 19 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.

«Үздік облыстық мәдени ойын-сауық кешені» номинациясы  Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығына» берілді.

Ұжымды марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер мен белестерге жетелей берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/1002593?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді