
Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары болып Жанар Сатыбалдықызы Қасымова тағайындалды.
Жанар Сатыбалдықызы 1973 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған. Педагогика-психология мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесіне ие.
Еңбек жолын 2000 жылы Шымкент қаласындағы №52 М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған.
2003–2011 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде оқытушыдан бастап, колледж директорының орынбасары қызметін атқарған.
2012–2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Білім саласындағы бақылау департаментінде бас маман ретінде жұмыс істеген.
2018–2023 жылдары Түркістан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде бас маманнан департамент басшысының орынбасары лауазымына дейін қызмет еткен.
2024 жылғы қаңтар айынан бастап осы департаменттің Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/1002284?lang=kk
Жауап қалдыру