Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік – заңдылықты нығайтудың құралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасына қатысушы студенттер үшін семинар-тренинг өткізді. Іс-шараның мақсаты – жастардың азаматтық бақылау дағдыларын дамыту және оларды сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша нақты жұмысқа тарту.

Семинар барысында қатысушыларға Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Арман Рахимов сөз сөйледі. Ол жастардың қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуының маңыздылығын және күнделікті өмірде заңдылық мәдениетін қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдаманың негізгі ережелері таныстырылды.

Бұдан бөлек, кездесуде спикерлер мен сарапшылар қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың не екенін, оның өмірдің әртүрлі салаларында қалай көрініс табатынын және күнделікті өмірде оның белгілерін қалай тануға болатынын толығырақ түсіндірді.

Алматы қаласында жүзеге асырылып жатқан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасына 260-тан астам белсенді қатысуда, олардың басым бөлігі — студент жастар. Олар тек оқудан өтіп қана қоймай, сонымен қатар қоғамдық маңызы бар қызметке белсенді араласуда. Еріктілер тұрғын үй, балалар және спорт алаңдарын, автожолдарды және басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандарды абаттандыру сапасына мониторинг жүргізуде.

Еріктілердің жұмысының арқасында бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану, жоспарлау кезеңіндегі бұзушылықтар мен құрылыс ақаулары анықталды. Жоба іске қосылған сәттен бастап мемлекеттік сатып алулар кезінде 2,5 млрд теңгеден астам сомаға бағаның артық көтерілу қаупінің алдын алынды. Жалпы саны 70-ке жуық қоғамдық мониторинг жүргізілді.

Сондай-ақ, еріктілер ағартушылық жұмыспен де белсенді айналысуда. Олар халыққа тегін құқықтық көмек көрсетіп келеді. Жоба жастардың бойында ел болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыра отырып, белсенді азаматтық қоғам құруға ықпал етуде.

«Бүгінгі жастар – ертеңгі көшбасшылар. Мұндай жобалар арқылы біз тек білім беріп қоймай, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастырамыз. Жастар өз рөлін түсініп, елдегі оң өзгерістерге белсенді атсалысқаны аса маңызды», – деп Арман Рахимов атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/1002518?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді