
Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шыңғырлау ауданының полиция Бөлімімен кездесу өткізді.
Іс-шара құқық қорғау органдары қызметінде заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидатын нығайту мәселелеріне арналды.
Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет пен қоғамның тұрақты жұмыс істеуінің негізі ретінде айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты – әділдік пен қауіпсіздікке деген қоғамдық сұраныс артқан қазіргі кезеңде ерекше өзектілікке ие.
Аумақтық департаменттің Превенция басқармасы басшысының орынбасары А. Салимов атап өткендей:
«Барлық мемлекеттік органдар, әсіресе күш құрылымдары бұл қағидатты қатаң әрі дәйекті түрде жүзеге асыруға міндетті. Бұл – азаматтардың сенімін арттыру мен тиімді мемлекеттік басқарудың басты кілті».
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында көзделген міндеттерге ерекше назар аударылды. Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтау қажеттігін, сондай-ақ құқық қорғау органдарында оны болдырмау және алдын алу тетіктерін жетілдіру жолдарын талқылады.
Сонымен қатар, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңдылықты тек қоғамда ғана емес, өз кәсіби ортасында да қамтамасыз етудегі ерекше жауапкершілігі атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар құқықтық мемлекетті нығайту жолындағы басым бағыт ретінде «Заң мен тәртіп» қағидатын әрі қарай ұстануға дайын екендіктерін білдірді.
#Заң_мен_Тәртіg
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-bko/press/news/details/1002670?lang=kk
Жауап қалдыру