Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ұйымдастырған «Қазіргі әлемдегі заң, құқық және әділдік» Халықаралық заңгерлер конгресіне қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ұйымдастырған «Қазіргі әлемдегі заң, құқық және әділдік» Халықаралық заңгерлер конгресіне қатысты.

Бұл іс-шара Қазақстанның Түркі елдерінің сот-құқықтық даярлық желісіне төрағалық етуіне және Академияның 10 жылдық мерейтойына орайластырылған. Конгреске Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Асхат Жұмағали, Қаржылық мониторинг агенттігінің Төрағасы Жанат Элиманов, Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанның заң және ғылыми қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов өзінің құттықтау сөзінде Конгресс тақырыбының өзектілігін атап өтіп, тез өзгеріп жатқан әлем жағдайында тек тәуелсіз және моральдық тұрғыдан тұрақты судья шын мәнінде әділ шешімдер шығара алатынын және судьялық этика мен кәсібилік-қоғамның сотқа деген сенімінің негізі екенін атап өтті.

Конгресстің күн тәртібі көптеген мәселелерді қамтыды. Қатысушылардың назарында құқықтық жүйелерді жаһандық өзгерістердің сын-тегеуріндеріне бейімдеу, трансұлттық қауіп-қатерлерге қарсы күресте түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің өзара іс-қимылын нығайту, заңгерлік білім беру сапасын арттыру және тез өзгеріп жатқан әлем жағдайында мамандарды кәсіби даярлау сияқты тақырыптар болды.

Айта кетейік, Түркі елдерінің сот-құқықтық даярлық желісі өкілдерінің кезекті кездесуі ағымдағы жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының алаңында өтеді, оның барысында төрағалық келесі елге беріледі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1002665?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді