2025 жылғы 24 мамырда Өскемен қаласында өтетін ауыл шаруашылық жәрмеңкесі бойынша ақпарат

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өскемен қаласының тұрғындарын азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында 2025 жылғы 15 наурыздан  бастап аудандардың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен «Алтай» КТО аумағында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу қайта басталады.

Бекітілген кестеге сәйкес ағымдағы жылғы 24 мамырда   «Алтай» КТО аумағында Улкен Нарын  ауданы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің және Өскемен қаласы кәсіпкерлерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі.

Аталған жәрмеңкеде аудан әкімдігінің ақпараты бойынша жалпы сомасы 15,2  млн. теңгеге  3,7   тонна  ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылды.

Жалпы, облыс және аудан орталықтарында «демалыс күні» жәрмеңкелерін өткізу әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру және халықты орташа нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен сапалы және табиғи азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуге оң әсер етеді.

24 мамырда  кесте бойынша «Алтай» КТО аумағында Марқакөл ауданының кәсіпкерлерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-agro/press/news/details/1001537?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді