
Жамбыл облысының Әділет департаменті ұжымымен өткен семинар-кеңеске ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы А.Ажибаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Тамаев қатысты. Семинар-кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасынан туындайтын міндеттер, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілермен іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау тақырыптарында дәріс оқылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhambyl/press/news/details/1001504?lang=kk
Жауап қалдыру