Алматы облысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын жалғастыруда. Аталған акцияның мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың барлығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
– Іс-шара аясында жол-көлік апаты жиі тіркелетін учаскелерде заңбұзушылықтарды анықтау үшін дрондар қолданылатын ауқымды рейдтер ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, апаттылық деңгейін төмендетуге және жүргізушілердің тәртібін арттыруға бағытталған заманауи техникалық құралдар мен түрлі әдістер қолданылуда, – деп хабарлады полиция өкілдері.
Полиция қызметкерлері жолда жүру ережелерін қатаң сақтау – жол қауіпсіздігінің басты кепілі екенін еске салады. Барша жол қозғалысына қатысушыларды мұқият болуға, қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауға және өзге жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге құрметпен қарауға шақырады.
– Бұл күндері полиция қызметкерлері мектеп бітіруші түлектердің іс-шараларына ерекше назар аударуда. Осыған байланысты азаматтарды, әсіресе ата-аналар мен түлектерді, «түлектер кортежін» ұйымдастыру кезінде жауапкершілікке шақырамыз. Мұндай автокөліктер шеруі көбіне жол ережелерінің өрескел бұзылуымен қатар жүреді – бағдаршамның қызыл жарығына өту, қарсы жолаққа шығу, өзге көлік құралдарына кедергі келтіру, пиротехника мен дабыл дыбыстарын пайдалану сияқты – деп атап өтті тәртіп сақшылары.
Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті және жол ережелерін бұзған азаматтарға қатысты тиісті шаралар қабылдайтын болады. Себебі бұл – өз өмірін ғана емес, айналасындағы адамдардың қауіпсіздігін де қатерге тігу.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1001616?lang=kk

Жауап қалдыру