«Дәстүрді жалғастырушы – Зейнел-Ғаби Иманбаев» байқауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері және 7-11 сынып оқушылары арасында өтетін «Дәстүрді жалғастырушы – Зейнел-Ғаби Иманбаев» аудандық байқауы Жаңажол орта мектебінде өткізілді. Байқаудың мақсаты: мектеп оқушылары арасында Зейнел-Ғаби шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау. «Дәстүрді жалғастырушы – Зейнел-Ғаби Иманбаев» байқауы 3 номинация бойынша өткізілді:

1-кезең: Шығармашылық байқау «Тартынбай сөйлер асылым» – Зейнел-Ғаби Иманбаевқа арнап  өлең  шығару

2-кезең: «Туған жердің жыршысы» – Зейнел-Ғаби Иманбаевтың  әңгімелерінен бір үзіндіні жатқа мәнерлеп оқу

3-кезең: «Ортақкөлдің алтын қазығы» – Зейнел-Ғаби шығармашылығы бойынша қойылым көрсету

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының шешімімен анықталып, I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shalakynroo/press/news/details/1001648?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді