
Ақмола облысы әкімдігінде әкімнің орынбасары Алтынай Байқадамқызы Әміренованың төрағалығымен комиссия мүшелерінің, аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасарларының, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, еңбек ұтқырлығы орталығының басшыларының қатысуымен халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті.
Комиссия отырысында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыруға бюджет қаражатын тиімді игеру, шартты ақшалай көмекті біржолғы төлеуді ұсыну және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру тетіктерін жақсарту және тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу мәселелері қаралды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-social/press/news/details/1001435?lang=kk
Жауап қалдыру