
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Алматы қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары аса қауіпті инфекциялардың әкелінуі мен таралуын болдырмау бойынша оқу жаттығу жүргізу үшін дайындық семинары өткізілді.
Бұл шараның мақсаты – аса қауіпті және карантиндік инфекциялардың, әсіресе «Тырысқақ» ауруының таралуын болдырмау үшін күдікті науқастарды анықтау кезінде «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ және Алматы қаласындағы басқа да ұйымдар мен ведомстволардың қызметтерінің үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу.
Оқу жаттығуларының мақсаты – эндемиялық елдерден келген күдікті науқас жолаушының Қазақстан халқы арасында жұқпалы инфекцияның таралуына жол бермей, эпидемияға қарсы қажетті шараларды уақытында, нақты әрі жедел орындауға мүмкіндік жасау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1001831?lang=kk
Жауап қалдыру