
Сіз ешқашан ойлап көрдіңіз бе: шай қасықтағы салмағы бір тамшы судан да аз элемент тұтас бір ұрпақтың денсаулығына қалай әсер ете алады? Йод — маңыздылығы аса жоғары микроэлементтердің бірі. Онсыз біздің ағзамыз «даусын жоғалтады» деуге болады: қалқанша бездің жұмысы бұзылады, зат алмасу, өсу, ақыл-ой және физикалық даму зардап шегеді.
Йод тапшылығы аурулары — ағзада йодтың жетіспеуінен туындайтын аурулар тобы. Гормондар түзілуіне жауапты қалқанша бездің қалыпты жұмыс істеуі үшін йод қажет. Йодтың жетіспеушілігі зобқа, балаларда ақыл-ой және физикалық дамудың тежелуіне, бедеулікке, иммунитеттің төмендеуіне және басқа да ауыр мәселелерге алып келуі мүмкін.
Йод тапшылығының негізгі себептері — топырақ пен суда йодтың аз болуы, йодталған тұзды жүйелі түрде қолданбау, теңгерімсіз тамақтану және ағзаның йодқа деген жоғары қажеттілігі (әсіресе жүкті әйелдер мен балаларда).
Аймақтағы сырқаттанушылықты талдау 2024 жылы йод тапшылығы аурулары бойынша ең жоғары көрсеткіштер Бурабай ауданында, Көкшетау қаласында, Біржан сал және Атбасар аудандарында тіркелгенін көрсетті. 2023 жылы да жағдай ұқсас болған — Бурабай, Атбасар аудандары мен Көкшетау қайтадан алдыңғы қатардан көрінді.
2025 жылдың бірінші тоқсанының мәліметі бойынша, Бурабай ауданы, Көкшетау қаласы және Егіндікөл ауданы қайтадан көш басында.
Йод тапшылығы ауруларының алдын алу — йодтың жеткіліксіздігін және онымен байланысты патологияларды болдырмауға бағытталған.
Алдын алудың негізгі шаралары:





Йодталған тұзды пайдалану және дұрыс тамақтану сияқты қарапайым шаралар йод тапшылығы аурулары мен олардың салдарын едәуір азайтуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1002041?lang=kk
Жауап қалдыру