
Өскемен қаласындағы мектептерде 2024–2025 оқу жылы мәресіне таяды. Қалалық білім бөлімінің мәліметі бойынша, бүгінде қалада 52 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 49-ы мемлекеттік, 3-еуі жекеменшік. Жалпы оқушы саны – 47 223 бала.
Биыл 4 129 оқушы 9-сыныпты аяқтайды. Олардың 461-і ерекше үлгідегі аттестат алуға үміткер. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жоғары көрсеткіш (2024 жылы – 455). Сонымен қатар, 2 003 оқушы (48,5%) оқуын колледжде жалғастыруды жоспарлап отыр.
11-сыныпты 1 899 түлек тәмамдайды. Олардың 1 520-сы (80%) Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдірген. Жоғары оқу орындарына түсуге 1 579 түлек (83%) ниетті, ал 93-і колледж таңдаған. Қаңтар мен наурыз аралығында 1 356 оқушы сынақ тестілеуінен өтті (бұл ЖОО-ға түсуді көздегендердің 85%-ын құрайды).
Биыл «Алтын белгі» иегері атануға 189 түлек үміткер, бұл өткен жылмен салыстырғанда едәуір көп (2024 жылы – 107). Үздік аттестатқа 215 оқушы үміт артып отыр (2024 жылы – 196).
Мемлекеттік емтихандар әдеттегідей форматта өтеді: 9-сыныптар үшін – 29 мамыр мен 10 маусым аралығында, 11-сыныптар үшін – 30 мамыр мен 16 маусым аралығында.
Оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиындар 23 мамыр күні сағат 10:00-де барлық мектептерде өтеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/1001893?lang=kk

Жауап қалдыру