«ОТЫРАР» БАЛАЛАР ЛАГЕРІНІҢ ЖАЗҒЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҒЫ ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Санаулы күндерден соң оқу жылы аяқталып, балалардың жазғы демалысы басталады. Бұл балғындардың бос уақытын тиімді өткізуге қолайлы жағдай туғызатын сәт. Осы орайда бүгін аудан әкімі Жолдыбай Қайрат Жолдыбайұлы Түлкібас ауданы, Машат шатқалында орналасқан «Отырар» балалар лагеріне барып, ол жердің жазғы балаларды қабылдау маусымына дайындық барысымен танысты. Аудандық білім бөлімінің басшысы Шербаев Құдайберген Қайыпбекұлы аталған лагерге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті қаржы қаралып, шатыр ауыстыру, әктеу-сырлау жұмыстары жүргізіліп жатқаны жөнінде баяндады. Сондай-ақ кереуеттер мен төсек орындары жаңартылатынын айтып өтті.
Қайрат Жолдыбайұлы жауапты мамандармен лагерді толық аралап шығып, балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығына ерекше мән беруді алға тартып, лагерь айналасының тазалығын толық реттеп, өзен бойындағы көпір қоршауларын күшейту, бейнебақылау камераларын орнату, ас бөлме, жатын орындағы санитарлық талаптардың сақталуын және балаларға қарайтын тәрбиешілер балалардың уақытын тиімді пайдалануды сонымен қатар ас мәзірін қатаң бақылауды ескертті.
Айта кетейік, биылғы жылы ауданымыздағы мектеп жасындағы 1050 баланы жазғы лагерге жіберу жоспарлануда. Отырар ауданының білім бөліміне қарасты балалардың жазғы сауықтыру демалыс лагеріне 31 жалпы білім беретін мектептен оқушылар қамтылады. Әр ауысымда 150 баладан демалып, лагерь 7 ауысым бойынша жұмыс істейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1001486?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді