«Қоғамдағы заң мен тәртіп идеялогиясын ілгерілету» негізінде және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында студенттермен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 22 мамырында Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығында «Қоғамдағы заң мен тәртіп идеялогиясын ілгерілету» негізінде және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында студенттермен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Қызылорда облысының Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі уәкіл Оразгелді Ұзақбай Оразгелдіұлы және департаменттің әкімшілік бөлімінің басшысы Абдыкаликова Эльмира Саримсаковна жастарға сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік, жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сананы қалыптастыру қажеттігі жайлы баяндады. Сонымен қатар департаменттің қызметін, мақсатын студенттерге түсіндірді.
Кездесуді қорындылай келе, болашақ Қазақстан жастарының қолында екендігін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға, оған жол бермеуге, білімді болуға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1001994?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді