“Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет — көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Ломоносов ауылдық округі әкімінің аппараты 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
- Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
- Жер учаскесін жеке меншікке бөліп-бөліп сату;
- Жер учаскесін алуға кезекке қою;
- Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту
2024 жылдың 12 айында Ломоносов ауылдық округі әкімінің аппаратымен барлығы 176 қызмет көрсетілді, оның ішінде “электрондық үкімет” веб-порталы арқылы – 154, Е – лицензиялау арқылы – 22.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында “Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ломоносов ауылдық округі әкімінің аппараты” КММ-де көрнекі ақпараты бар стендтер, атап айтқанда “мемлекеттік қызметтер туралы” ҚР Заңы, Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері, өтініш үлгілері, шағымдар мен ұсыныстар журналы орналастырылды.
Мемлекеттік органдар қызметінің басымдықтарының бірі электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санын ұлғайту болып табылады. Осы басымдықты іске асыру мақсатында Ломоносов ауылдық округі әкімінің аппараты халықты ақпараттық қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде. Осылайша, Ломоносов ауылдық округі әкімінің аппаратымен 3 ақпараттық-түсіндіру сұхбаты өткізілді.
2024 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу, Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзу фактілері анықталған – жоқ. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-lomonosov/press/news/details/1002005?lang=kk

Жауап қалдыру