“Техникалық білім беруді дамыту-стратегиялық міндет”тақырыбы бойынша облыстық дөңгелек үстел

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылғы 22 мамырда Солтүстік Қазақстан Облысы Есіл ауданы “Жалел Қизатов атындағы Жоғары ауыл шаруашылығы колледжі” КМҚК базасында “Техникалық білім беруді дамыту-стратегиялық міндет” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

Іс-шараны «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ және Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылығы колледжі бірлесіп ұйымдастырды.

 

Іс-шара мақсаты:

Солтүстік Қазақстан облысының ТжКБ жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын қарастыру, жұмысшы кадрларды даярлау процесін одан әрі жетілдіру және жаңғырту перспективаларын айқындау.

 

Қатысушылар:

СҚО колледждерінің студенттері мен оқытушылары,

Кравчук Александр Юрьевич – Есіл ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік жөніндегі орынбасары,

Асқар Ескендірұлы Нұрымов – Есіл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы,

Бимаканов Нұрлан Манапұлы – «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің СҚО Есіл аудандық филиалының төрағасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-uob/press/news/details/1001954?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді