Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру қағидалары «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі №754 қаулысымен бекітілген (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2400000754#z2383).
- Мемлекеттік гранттар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, “Бір ауыл – бір өнім” бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде беріледі.
Мемлекеттік грант акцизделетін өнімге байланысты қызметті жүзеге асыратын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, “Бір ауыл – бір өнім” бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілмейді.
- Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының шарттарына сәйкес келетін әрбір кәсіпкер бір бизнес-жоба бойынша бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беру мақсатындағы конкурстық іріктеуге қатыса алады.
Бұл ретте кәсіпкердің бизнес-жобасы тізілімде тіркелген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің қызмет саласына сәйкес келуге тиіс.
Бизнес-идеяларды іске асыруға арналған бизнес-жобаның міндетті шарттары:
1) кәсіпкердің жобаны іске асыруға арналған шығыстарды берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде ақшалай қаражатпен, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы немесе жылжымайтын жеке мүлкімен қоса қаржыландыруы;
2) жаңа жұмыс орындарын құру;
3) кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және (немесе) жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы.
- Кәсіпкерлер мемлекеттік грант қаражатын мына мақсаттарға пайдаланады:
1) тауар шығару немесе қызметтер көрсету үшін қажетті негізгі құралдарды (оның ішінде негізгі құралдарды салу/жаңғырту/реконструкциялау/ күрделі жөндеу), шикізат пен материалдарды сатып алу;
2) материалдық емес активтерді сатып алу;
3) технология сатып алу;
4) кешенді кәсіпкерлік лицензияға (франчайзингке) құқықтарды сатып алу;
5) зерттеу жұмыстарына және (немесе) жаңа технологияларды ендіруге байланысты шығыстар.
Мемлекеттік грант қаражатын өзге мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.
Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру мерзімі грант беру туралы шартқа қол қойылған кезден бастап 18 (он сегіз) айдан аспауға тиіс.
Бұл ретте іске асыру бойынша көрсетілген мерзім ішінде кәсіпкердің қызметі жүзеге асырмаса, сатып алынған негізгі құрал өткізіліп, бизнес-жобаны іске қосу және одан әрі іске асыру үшін ұқсас/баламалы құралмен ауыстырылмаса, кәсіпкер мемлекеттік грант қаражатын толық көлемде өтеуге міндетті.
- Мемлекеттік грант алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматында сканерленген мынадай құжаттардың көшірмелерін тіркейді:
1) өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама;
2) бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландырудың бар екенін растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар-жоғы туралы банктік шоттан үзінді-көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;
3) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе “Бір ауыл – бір өнім” бағдарламасының финалисі болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкердің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ualikhanov-opredshivet/press/news/details/1001963?lang=kk
Жауап қалдыру