
2025 жылғы 19 мамырда аудандық мәслихаттың ғимаратында бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның және Шортанды ауданының Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті.
Отырыс аудандық мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасованың төрағалығымен өтті. Іс-шараға аудандық мәслихаттың депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, кейбір дербес бөлімдер мен мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды:
1. Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі” ММ басшысы Ж.Мұнтаеваның 2024 жылғы бюджет қаражатын мақсатты пайдалану және игеру туралы есебі.
2. “Шортанды ауданы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасы” РММ-нің 2024 жылға салық алымдары мен міндетті төлемдердің толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы ақпарат. Баяндаманы басқарманың жаңа басшысы Қамажан Абай Болатұлы ұсынды.
Талқылау қорытындысы бойынша отырысқа қатысушылар ауданда бюджеттік жоспарлау мен салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға бағытталған сұрақтар қойып, ескертулер мен ұсыныстар айтты.
Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shortandy/press/news/details/1001381?lang=kk
Жауап қалдыру