
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды, “Өрт-2025” республикалық-командалық штабтық оқу-жаттығу шеңберінде 2025 жылғы 22 мамырда сағат 09:00-де облыс аумағында электросиреналар мен сиреналық-сөйлеу құрылғыларын қосу арқылы “Баршаның назарына!”сигналы беріледі.
Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтарын, жаттығу аясында қосылған дабылға түсіністікпен қарауды, тыныштық сақтауды және дүрбелеңге түспеуді сұраймыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1001310?lang=kk
Жауап қалдыру