Департамент басшысының орынбасары ашық су қоймаларының су сапасы туралы берген сұхбаты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының орынбасары Гаухар Сұлтанқызы Каткенова  «QAZAQSTAN» Ұлттық телеарнасының «Таңшолпан» таңғы ақпараттық бағдарламасына  ашық су қоймаларының су сапасы туралы сұхбат берді.

Сонымен қатар, Медеу ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Орысбай Назерке Қуанышқызы мониторинг негізінде Орталық мәдениет және демалыс саябағы көлінен микробиологиялық, санитарлық-химиялық зерттеулерге су сынамаларын алу барысы туралы айтып берді.

Сондай-ақ, одан әрі зерттеу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалына су сынамаларының үлгілерін тапсырды.

Толық ақпаратты төмендегі сілтемелер арқылы біле аласыздар:

https://www.youtube.com/watch?v=AwfXqZf3Ex0

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1001283?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді