
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Сұлтанқызы Каткенованың төрағалығымен аудандық басқармалар үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамаларды түсіндіру бойынша семинар өткізілді.
Департаменттің техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы Назира Камалбаевна Смагулова аудандық басқармалардың жауапты қызметкерлеріне келесі заңнамаларды түсіндірді:
– «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 69 бұйрығы;
– «Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) біріңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қоюды және кері қайтарып алуды жүзеге асыру қағидалары» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 39 бұйрығы.
Семинардың басында мамандардың санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың негізгі аспектілерін білу деңгейі анықталып, олардың нәтижелері талқыланды.
Семинар қорытындысы бойынша аудандық басқармалардың жауапты мамандарына өз міндеттерін сапалы орындау және ағымдағы мәселелерді уақытында шешу үшін бірқатар тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1001268?lang=kk

Жауап қалдыру