Бұл атаулы күннің тарихы БҰҰ-нан бастау алады. 2002 жылы 20 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 57-ші сессиясы 23 маусымда БҰҰ «Мемлекеттік қызметкер күні деп жариялау туралы» қаулы қабылдады. Оған мүше әр мемлекетті де осыған байланысты бір күнді белгілеуге шақырды.
2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 23 маусымда елімізде мемлекеттік қызметші күні болып бекітілген.
Мемлекеттік қызметкер болу – жауапты міндет пен үлкен абырой. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды. Ал, қоғам мемлекеттік қызметшілер өз міндеттері мен функцияларын заңдарға сәйкес барлық адал ниетімен және тиімді түрде орындайды деп есептейді.
Осыған орай, халықтың мемлекеттік қызметшілерге деген сенімін нығайту мақсатында әр мемлекеттік қызметші өзіне жүктелген жауапкершілікті абыроймен атқаруы қажет.
Қоғамымыздың гүлденуі мен экономикамыздың дамуы жолында мемлекеттік қызметтің қосар үлесі ерекше. Бұл күнді арнайы атап өту арқылы қоғамымыздағы мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін арттырып, мемлекеттік органдар рөлінің маңыздылығын одан әрі нақтылай түсеміз.
Біз қазіргі таңда мемлекеттік қызметті жүйелеу, реттеу, тұрақты да тартымды ету мақсатында меритократия қағидасын сақтап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, ашықтық пен жариялылықты, көрсетілетін қызметтерді цифрландыруды қамтамасыз ету бағытын ұстанудамыз.
Департамент ұжымы барша мемлекеттік қызметкерлерді атаулы күнмен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілейді!
Жауап қалдыру