«21 ғасырдың қаржылық триггерлері»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 25 маусымында Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі және қызметкерлер «21 ғасырдың қаржылық триггерлері» форумына қатысты. Іс-шараны Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастырды.
Форумның мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін арттыру. Іс- шараның мақсатты аудиториясы ретінде бюджет саласының қызметкерлері, студенттер мен жастар, сондай-ақ өзге де азаматтар санаттары қатысты.
Спикерлер қатарында агенттік, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттік құрылымдардың өкілдері болды. Олар қаржы пирамидалары, интернет-алаяқтық және әлеуметтік маңызы бар құқықбұзушылықтарға алып келетін өзге де схемалардың қаупі туралы баяндады.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1023991?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді