2025 жылғы 20 маусымда сағат 11:00-де Көкшетау қаласының «Абылай хан» алаңында Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының азаматтық қорғау офицерлерінің кезекті шығарылымының салтанатты рәсімі өтеді.
Бұл күні түлектерге оқу орнын бітіргені туралы дипломдар табыс етіледі, сондай-ақ Академияның жауынгерлік туымен қоштасу көзделеді.
Биыл Азаматтық қорғау академиясы «Әскери іс және қауіпсіздік» бакалавр дәрежесін бере отырып, «Өрт қауіпсіздігі» және «Азаматтық қорғаныс күштерінің командалық тактикалық» білім беру бағдарламалары бойынша 145 жас офицерді шығарады.
Ресми рәсім офицерлердің қоштасу вальсімен аяқталады.
Аккредиттеу мәселелері бойынша
Азаматтық қорғау академиясының
баспасөз қызметіне хабарласыңыз
тел.: 8 771 2821546, 87785238445 (Айгүл Өзекова)
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1020287?lang=kk
Жауап қалдыру