БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылғы 24 маусымда өткен отырысында мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде Ұлан ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қаржыландырудың негізділігіне және бюджет қаражатының мақсатты пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы қаралды.

Аудитпен 11 аудит объектісі, оның ішінде 8 объекті үстеме тексерумен қамтылды.

Мемлекеттік аудит барысында анықталған бюджет заңнамасын қаржылық бұзушылықтардың бірі – аудит кезеңінде мектепке дейінгі 8 жеке меншік мекемені жалпы сомасы 72 559,0 мың теңгеге негізсіз қаржыландыру болып табылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік аудит барысында Ұлан ауданында түрлі меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландыруда айтарлықтай алшақтықтың орын алғаны анықталды. Мәселен, 2024 жылы мемлекеттік балабақшаларда бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығын орташа есеппен 92 927 теңгені құраса, жеке меншік балабақшаларда 62 740 теңгені құрады, ал мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының барлығына қойылатын талап бірдей.

Нәтижесінде Ұлан ауданы бойынша бiлiм бөлiмiнің бюджеттiк өтiнiмдердi қалыптастыруға және мектепке дейiнгi мекемелермен шарттар жасасуға формальды қарау салдарынан сомасы 1 725 458,5 мың теңгенің бюджет қаражаты тиiмсiз жоспарлауға жол берілді.

Мектепке дейiнгi білім беретін мемлекеттiк ұйымдар қызметiн iске асыру барысында бюджет қаражаты мен мемлекет активтерiн тиiмсiз пайдалану фактiлерiне жол берiлген, сондай-ақ еңбекақыны артық төлеу, салықтық мiндеттемелерді белгiленген мерзiмдерде орындамау және балалардың дамуына, әлеуметтік ортаға бейімделуіне, тәрбиелеу қауiпсiздігіне терiс әсер ететiн рәсiмдiк сипаттағы жүйелі бұзушылық фактілері анықталды.

Отырыс қорытындысы бойынша аудит объектілеріне бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар беріліп, нұсқамалар шығарылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomvko/press/news/details/1023988?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді