Көлік министрлігі автобустар мен жүк көліктері жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін сақтауын қадағалауға бағытталған ауқымды акция өткізеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің бастамасымен 2025 жылдың 20 маусымынан 20 шілде аралығында жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің сақталуын бақылау бойынша «Тахограф» акциясы өтеді.  

Акцияның мақсаты – жолаушыларды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауын бақылауды күшейту.

Тахографтармен жабдықтауға автобустар, жүк көліктері, оның ішінде:

  • қауіпті жүктерді автомобильмен тасымалдауды;
  • жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды;
  • жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық, қалааралық тұрақты тасымалдауды;
  • жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық, қалааралық, ауданаралық тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын көліктер жатады.

Көлікті басқарудың күнделікті ұзақтығы қолданыстағы қағидаға сәйкес 9 сағаттан аспау керек. Төрт жарым сағат бойы үздіксіз басқарғаннан кейін, жүргізуші кемінде 45 минут үзіліс жасауға тиіс.  

Қағида талаптары сақталмаған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 572-бабымен тасымалдаушыларға 5 АЕК-тен 50 АЕК аралығында, жүргізушілерге 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл көзделген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1022282?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді