Көп инвестиция – аз кедергі. Абай облысындағы «прокурорлық сүзгінің» тиімділігі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

       Президенттің тапсырмасына сәйкес, прокуратура органдары инвестициялық жобаларды жер телімдерін бөлуден бастап, өндірісті іске қосуға дейін сүйемелдеп, заңдылықты қамтамасыз етіп, қысымнан қорғайды.

       Бас прокуратура «прокурорлық сүзгі» механизмін енгізді – тексерулер, қызметті тоқтату, лицензияларды қайтарып алу немесе келісімшарттарды бұзу тек Бас прокуратураның келісімімен ғана жүзеге асырылады. Бұл механизм 1000-нан астам заңсыз араласудың алдын алды.

       Абай облысында «Казхимтехснаб» ЖШС-нің құқықтары қалпына келтірілді. Кальций гидроксидін өндіретін зауыт ерекше қорғалатын аймақта орналасқан деген жалған ақпарат негізінде тоқтатылған болатын. Прокуратураның араласуымен зауыт жұмысы қайта жанданып, өндіріс көлемі артты.

       Сондай-ақ, фиброцементті тақталар шығаратын «Семей Құрылыс Материалдары» ЖШС-нің мәселесі шешілді. Барлық рұқсат құжаттары бола тұра, компания жер телімін ала алмай келді. Бұл мәселе облыс әкімдігімен бірлесіп Фронт-офисте қаралып, жер беру туралы шешім қабылданды.

       Прокуратура инвесторларды қорғау және экономиканы дамыту бағытындағы жұмысын жалғастырады.

       Инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топқа 8 (778) 082-20-48 телефоны арқылы хабарласуға болады.

       Абай облысының прокуратурасы

 

#Заң_мен_Тәртіп

#Әділдік

#Заңүстемдігі

                           

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1024403?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді