
Құрметті Шемонаиха қаласының тұрғындары!
Сіздерден шөп шабу, қоқыс жинау және шығару жұмыстарын уақытылы жүргізуді сұраймыз. Қосалқы аумақ – бұл меншік немесе пайдалану шекарасынан 5 метр шегіндегі аумақ болып табылады.
Аталған талаптарды орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған:
- жеке тұлғалар үшін — 20 АЕК мөлшерінде айыппұл;
- шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін — 30 АЕК мөлшерінде айыппұл.
Қаланы абаттандыруға жауапкершілікпен қарап, түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз.
Құрметпен,
Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha-shemonaiha/press/news/details/1023963?lang=kk
Жауап қалдыру