
ҚР Салық кодексінің 145-бабына сәйкес, салықтық тексерулердің екі түрі бар:
Мерзімді тексеру
Тәуекел деңгейін бағалау негізінде, бекітілген жартыжылдық кестеге сай жүргізіледі.
Кесте жарияланады:
– алдыңғы жылдың 25 желтоқсанына дейін
– ағымдағы жылдың 25 мамырына дейін
Кестеге өзгеріс енгізуге болмайды.
Негіздемелер:
– салық есептілігі
– мемлекеттік органдардың ақпараты
– ашық дереккөздердегі мәліметтер
Жоспардан тыс тексеру
Тексерудің бұл түрі графикке кірмейді, келесі жағдайларда тағайындалады:
– салық төлеушінің өтініші немесе шағымы бойынша
– заңды тұлғаның таратылуы немесе қызметін тоқтатуы
– ҚҚС-ты қайтару, артық төлемді растау
– халықаралық салық келісімдерін қолдану
– ҚПК негізінде
– камералдық бақылау нәтижесі бойынша ескертуді орындамау
– жер қойнауын пайдалану шартының аяқталуы
– жалған шот-фактураларға қатысты сот шешімдері
– дебиторлармен өзара есеп айырысу
– банктер мен қаржы ұйымдарының міндеттері
– уәкілетті органның немесе соттың шешімі негізінде
Кейбір жоспардан тыс тексерулер бұрын тексерілген кезеңдерге де жүргізілуі мүмкін.
Ерекше жағдай: егер сотқа шағым берілсе – шағым бойынша қайта тексеру сот шешіміне дейін жүргізілмейді.
Егер компания көлденең мониторингке қатысса – тексеру жүргізілмейді (кейбір ерекше жағдайлардан басқа).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1024173?lang=kk

Жауап қалдыру