СІЗДЕРДІҢ АТҚАРЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРЫҢЫЗ – ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТ АРАСЫНДАҒЫ АЛТЫН КӨПІР

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Құрметті мемлекеттік қызмет саласының ардақты өкілдері және ардагерлері!
 
Сіздерді кәсіби мерекеміз – 23 маусым, Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік қызмет – бұл үлкен жауапкершілікті, біліктілік пен сабырлылықты, жоғары тәртіп пен азаматтық ұстанымды талап ететін маңызды сала. Сіздердің күнделікті атқарып жатқан жұмыстарыңыз – қоғам мен мемлекет арасындағы алтын көпір. Сіздер халық пен билік арасындағы сенімді байланысты қамтамасыз етіп, азаматтардың қажеттіліктеріне дер кезінде үн қатып, ел дамуына өз үлестеріңізді қосып келесіздер.
Бүгінгі мереке – адал еңбектің, табандылықтың, кәсіби шеберліктің және азаматтарға қалтқысыз қызмет етудің мерекесі. Сіздердің әрқайсыңыз өз жұмыстарыңыз арқылы өңіріміздің өркендеуіне, халықтың әл-ауқатын арттыруға сүбелі үлес қосып келесіздер. Қызметтегі мұқияттылық, тәртіп, әділдік пен ашықтық – сіздердің басты қағидаларыңыз.
Біз дамыған, әділетті әрі заманауи мемлекет құру жолында алға нық қадам басып келеміз. Бұл жолда мемлекеттік қызметшілердің еңбегі ерекше маңызды. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызметті цифрландыру, ашықтық пен халықпен кері байланысты нығайту – осының барлығы сіздердің тікелей қатысуларыңызбен жүзеге асуда.
Құрметті әріптестер!
Осы айтулы күні сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, мол бақыт, қажымас қайрат пен еңбекте толағай табыстар тілеймін! Әр күніңіз халыққа адал қызмет етудің биік мұратынан айнымай, ел сенімін ақтаумен өтсін. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибелеріңіз молайып, кәсіби биіктерге көтеріле беріңіздер!
 
Ізгі ниетпен,
Мақтаарал ауданының әкімі
Асанов Бақыт Насырханұлы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/1021858?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді