Әкімнің жұмыс сапары ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтауды дамыту

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай жұмыс сапары аясында  Меньшиковка және Преображенка ауылдарында болды. Онда суды есепке алу мен таратудың блоктық-модульдік пункттері орнатылды. Қазіргі уақытта электронды жүйелерді қосу және жабдықты баптау жұмыстары жүргізілуде.

Бұл нысандарды іске асыру 2020-2027 жылдарға арналған “Таза су – сапалы өмірдің қайнар көзі” мемлекеттік бағдарламасының арқасында мүмкін болды. Бағдарлама халықты таза, қауіпсіз және қолжетімді ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған.

Заманауи блок-модульдік конструкциялар жеткізілетін судың сапасын жақсартып қана қоймай, оның, әсіресе шалғайдағы және шағын елді мекендерге тұрақты жеткізілуін қамтамасыз етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1024599?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді